Show menu Search
Mass Media
MINISTRY FOR INVESTMENT AND DEVELOPMENT OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
Helpline
+7 7172 754-547
Free call

You are here

News

1904/17
В Казахстане существует реальная перспектива открытия десятков крупных месторождений

Қазақстанда ондаған ірі кен орындарының ашылуы болжануда

Астанада МАЙНЕКС Орталық Азия 2017 тау-кен өнеркәсіп форумы өтуде. Шара аясында отандық және халықаралық сарапшылар Орталық Азия аймағының минералдық шикізат әлеуетін игеру мәселелері мен болашағын талқылауда.

Форум аясында сөз сөйлеген ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы реформалаудың нәтижелері мен  жетістіктеріне тоқталды. Оның айтуынша, «Тәжірибе режимінде Орталық Қазақстанда Степнагорск қаласы маңында 100 шақырымдық аумақ таңдалып алынды және бүгінде 22 жаңа келісім бекітілді. 2017 жылы ақпан айынан Арқалық-Шұбаркөл аумағын және Шығыс Қазақстан облысын барлауға өтініш қабылдана бастады. 2 айдың ішінде 17 типтік келісімшарт жасалды. Қазақстанның жер көлемі мен жер қойнауының ауқымды әлеуетін ескерсек, ондаған ірі кен орындарының ашылуы болжанып отыр. Оның ішінде бірегейлері болуы мүмкін».

Қазақстанда қолға алынған реформалар аясында геологиялық барлау бағыты бойынша 11 жаңа технологияны трансферттеу жүзеге асуда.

«Бұл технологиялар GIS геодеректер базасының, геохимиялық деректер базасының әзірлемелері, сондай-ақ, геологиялық бақылау мен бағалау жүйесі, деректерді өңдеу сценарийлері кезінде үш өлшемді модельдеу және магниттік интерпретация, геомагниттік деректер және бағытталған поляризациялау деректері, спутниктік деректерді спектрлі имидждік өңдеу әдістемесі, рудалылықтың тікелей белгілерін анықтау үшін технологиялық зертханалық талдау, VTEM, ZTEM, AMT+MT геофизикалық технологиялар. Аталмыш технологиялар 2,5 шақырымдағы және оданда ары тереңдңктегі темір рудасын зерттеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Тимур Тоқтабаев.

Сондай-ақ, форум аясында мемлекеттік органдардың өкілдерінің және жер қойнауын пайдаланушылардың, отандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі жобасының концептуалдық мәселелерін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.


© 2017

MINISTRY FOR INVESTMENT AND DEVELOPMENT OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

Civil Aviation Committee