Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

"Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР инвестиция және даму министрлігіне мынадай бағыттарды жүзеге асыру жүктелген:

1. Тиімді көліктік-логистикалық инфрақұлымды құру.

2. Автомобиль жолдарын дамыту.

3. Темір жол секторын және логистиканы дамыту.

4. Развитие Индустриалды инфрақұрылымды және туризм инфрақұрылымын дамыту.

Енді жобалардың өзіне және оларды іске асыруға бөлінген қаражаттар жайына тереңірек үңілейік.

 

Автожол жобалары

Автожол саласындағы жобаларды іске асыру үшін Ұлттық қордан 296,7 миллиард теңге сомасы көлемінде қаражат бөлінеді, оның ішінде:

1)  Орталық-Оңтүстік (Астана – Қарағанды – Балқаш – Күрті – Қапшағай – Алматы) автомобиль магистралін салу – 92 млрд. теңге, оның 2015 жылы – 57 млрд. теңге,  2016 жылы – 35 млрд. теңгесі бөлінеді;

2)   Орталық-Шығыс (Астана – Павлодар – Қалбатау – Өскемен) автомагистралін салу мен реконструкциялауға – 120 млрд. теңге,  2015 жылы – 77 млрд. теңге, 2016 жылы – 43 млрд. теңге;

3)   Орталық-Батыс автомагистралін салу мен реконструкциялауға – 8,4 млрд. теңге, олардың 2015 жылы – 2 млрд. теңгесі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге,  2016 жылы – 6,4 млрд. теңге;

4)   республикалық маңызы бар басқа жолдарды  реконструкциялау–
76,3 млрд. теңге,  оның ішінде 2015 жылы – 42 млрд. теңге, 2016 жылы – 34,3 млрд. теңге.

Сонымен қоса, халықаралық қаржы институттарымен қатысуымен  де автожол жобалары іске асырылуда. 2016 жылдан бастап Батыс Еуропа-Батыс Қытай және Бейнеу-Ақтау жобалары бойынша займдарды үнемдеу есебінен құрылған займдық қаражатты қайта бөлу, яғни Күрті – Буырылбайтал, Ұзынағаш – Отар, Ақтөбе – Мақат, Жетібай – Жаңаөзен автожол жобаларын іске асыруға арналған 763 млн. АҚШ доллар мен Ұлттық қордан сомасы 4,6 млрд. теңгені 2016 жылы қоса қаржыландыру көзделуде.

Биылғы жылы реконструкциямен 7,4 мың шақырымнан астам автомобиль жолын қамту жоспарлануда. Жалпы құны 2,4 трлн. теңгені құрайтын 11 автожол жобасын жүзеге асыру көзделген, оның ішінде:

1) Батыс Еуропа – Батыс Қытай.

Жүзеге асырыла бастағаннан бері 1884 шақырым бойындағы жұмыстар аяқталып, Шымкенттен РФ-ның шекарасына дейінгі және Жамбыл облысы бойындағы жол учаскесінде қозғалыс ашылды. 

2) Астана-Алматы.

Бұл бағыттағы жұмыстар 2013 жылы Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай учаскелеріндегі ұзақтығы 275 шақырым жолдың 22 шақырымы аяқталды. Жыл аяғында 72 шақырымда қозғалыс ашылады, учаскелерді толықтай аяқтау 2016 жылға жоспарланған. 

3) Астана-Өскемен.

Бұл маршрут бойынша жұмыстар 2014 жылдан бері жүргізілуде. 2015 жылдың қорытындысы бойынша  100 шақырымда қозғалыс ашу жоспарлануда:  Астана-Павлодар (47 км) и Павлодар-Семей (53 км).

4) Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды

Жолдың бұл учаскесінде реконструкциялауға жататын бөлігінің ұзақтығы 925 шақырым. 

5) Астана-Ақтөбе-Атырау-Ақтау. 

Бұл бағыттағы жұмыстар Бейнеу-Ақтау учаскесінде(470 км) жүргізілуде. Онда 2014 жылы 200 км бойында қозғалыс ашылды. жыл қорытындысы бойынша 100 км бойында жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Қалған 170 км 2016 жылы аяқталады.

6) Алматы-Өскемен.

Қапшағай-Талдықорған учаскесінде 157 км бойында жұмыс атқарылуда. Жыл қорытындысы бойынша 100 км аяқталады. Қалған 57 км 2016 жылы бітеді. Осымен қатар Талдықорған – Үшарал учаскесінің ЖСҚ әзірленеді.

 

Темір жол жобалары

Темір жол саласы мен көлік логистикасы жобаларын жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан республикалық бюджетке одан әрі «ҚТЖ» ҰК» АҚ капиталдандыратын мақсатты трансферт сомасы 46,3 млрд. теңге қаражат бөлініп, ол мынадай жобаларға жұмсалады:

Алматы-1 – Шу учаскесінде екінші жол желісін салу – 27,7 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы – 8,3 млрд. теңге, в 2016 – 19,4 млрд. теңге, 2016 жылы оның 11,9 млрд. теңгесін «ҚТЖ» ҰК» АҚ қосымша қаржыландыратын болады.  

 

Азаматтық авиацияның жобалары

Астана қаласы аэропортының ұшу-қону жолағы мен терминалын реконструкциялауға Ұлттық қордан 2015 жылы  29 млрд. теңге бөлінеді. Сондай-ақ, жобаны Халықаралық қаржы ұйымдарын тарту арқылы  қосымша қаржыландыру мәселе талданып шешілетін болады.

Бүгінгі күнге құрылыс аумағында қоршау орнату жұмыстары орындалды, бұрынғы жолаушы терминалын және  «Казаэронавигация» РМК ғимаратын бұзып алып тастау жұмыстары орындалды. Сондай-ақ, қазіргі бар коммуникациялар мен желілерді сырқа шығаруды келісу жұмысы аяқталды.

 

Индустриалдық инфрақұрылымды және туризм инфрақұрылымын дамыту

2015 жылы инфрақұрылым салуды қаржыландыру мақсатында ұлттық қордан біраз жобаларға  68,5 млрд. теңге бөлінеді: «Қорғас – Шығыс қақпа» ЕЭА-н дамыту(қазіргі уақытта инфрақұрылымның 40%-ы әзір), «Павлодар» ЕЭА-ның инфрақұрылымының, «Ақтау теңіз порты» ЕЭА-ның, «Инновациялық технологиялар паркі» ЕЭА-ның, СЭЗ «Астана – Жаңа қала» ЕЭА-ның, «ХимпаркТараз» ЕЭА-ның құрылысын аяқтау.

Жалпы, жұмыс жасап тұрған ЕЭА-тарында 124 жоба пайдалануға беріліп, 8 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды. 74 жоба жүзеге асырылу үстінде.

2015-2019 жылдары 17 000-ға жуық жұмыс орынын ашумен бірге 50 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда.

Туризм

Туризмді дамыту мақсатында сырттан келушілер және ішкі туризмді одан әрі дамытуға бағытталған туризм инфрақұрылымын құру жөніндегі шаралар іске асырылады. Бұл шаралар басымдылыққа ие Алакөл, Кендірлі, Балқаш қурорт аймақтарына. сондай-ақ Қарқаралы, Баянауыл және басқа рекреациялық аймақтарға келушілердің сапалы демалуы жөніндегі сұранысын қанағаттандыруға бағытталады.

Туристік кластерлер инфрақұрылымын дамыту үшін көздің жауын алатын табиғат пен тарихи-мәдени нысандарға апаратын автомобиль жолдарын жөндеу мен реконструкциялау, қазіргі бар темір жол инфрақұрылымын жаңғырту, жұмыс істеп тұрған әуежайларды жаңғырту мен жаңадан әуежайлар салу, шағын авиацияны дамытуға жағдай жасау мәселелері қарастырылады, сонымен бірге бұрын басталған жобаларды жүзеге асыру жалғастырылатын болады. 

 

Іскерлік белсенділікті арттыру және дағдарысқа қарсы шаралар

Отандық машина жасауды қолдау (Еурокоптер тікұшақтарын және жолаушылар вагондарын шығару);

Отандық автомобиль жасаушыларды қолдауды шартпен жектелген және лизингтік қаржыландыру механизмі арқылы жүзеге асыру жоспарлануда.

Ұлттық қордың қаржысы есебінен 2015 жылы мынадай отандық өндірістерді демеу қаржыландырылатын болады:

- автомобильдер – 20 млрд. теңге;

- тікұшақтар – 10 млрд. теңге;

- жолаушы вагондары – 5 млрд. теңге.

2015 жылғы 25 мамырға дейінгі атқарылған жұмыс

2015 жылғы 25 мамырға дейін  екінші деңгейлі банктер отандық өндірушілердің жалпы сомасы 2 217,39 млн. теңгені құрайтын жеңіл автокөліктерін алу үшін 686 кредит берілді.  

Сөйтіп, автокредиттеуге бөлінген 15 млрд. теңгелік қаражаттың 14,78%-ы игерілді.  

 

Экспорттаушыларды қолдау

Экспорттаушыларды қолдау «ҚДБ» АҚ және/немесе «ҚДБ-Лизанг» АҚ-ның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында шығарылатын өнімдерді экспорт алдындағы және экспорттық кредит беру, оның ішінде импорттаушы (резидент емес) қаржы институттар/ұйымдарды қаржыландыру арқылы жүргізілетін болады.

Бұл бағдарлама аясында отандық  өндірушілер мен экспорттаушылардың жобаларын қаржыландырудың шарттарын ҚР Үкіметі белгілейтін болады. 

Ұлттық қор есебінен отандық экспортты қолдауға 2015 жылы осы жылға 35 млрд. теңге және 2016 жылға 15 млрд. теңге қаржыландырылатын болады.

Бүгінгі күнге ішінде машина жасау, таукен-металлургия кешені, химия салаларының және тамақ индустриясы кәсіпорындары тарапынан жалпы сомасы 34,426 млрд. теңгеге барлығы 10 сұраныс берілді. Барлық берілген сұраныстар ҚДБ-нің қарауында жатыр.

 

Өнім сапасының инфрақұрылымын дамыту

Лабораториялық базаны дамытудың мақсаты Кеден одағының техникалық регламент талаптарын іске асыру, бәсекелестікке қабілетті және сапалы өнім шығару, сертификаттау ресімдерін өткізудің анықтығын қамтамасыз ету және сертификаттау жөніндегі қызметтер құнын төмендету, шет елдердің сынақ базаларынан тәуелділікті болдырмау болып табылады.

Сынақ базаларының тапшылығы мәселелерін шешу үшін Ұлттық база қаражаты есебінен жеңіл және химия өнеркәсібінде, металлургияда, өрт қауіпсіздігі мен азаматтық қорғаныс саласында, сондай-ақ ветеринарияда жұмыс жасап жатқан сынақ лабораторияларын кеңейту және қосымша жабдықтау қамтамасыз етілетін болады.   

Бұл отандық өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және оның бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, сол арқылы икемді сауда саясатын  жүргізуге және кәсіпкерлік субъектілерінің ЕАЭО елдерінде өнім сапасының сәйкестігін дәлелдеу қажеттігіне байланысты шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. 

Лабораториялық базаны жабдықтауға 5 млрд. теңге бағытталатын болады.
 

Перспективалы учаскелерді геологиялық зерттеу

Геологиялық барлау жұмыстар көлемін арттыруға 6 млрд. теңге жұмсалатын болады.

Бөлінген қаражатқа республиканың минералды-шикізат  базасын толықтыру аясында жер қойнауының перспективалық учаскелерін болжамдық ресурстарын бағалануымен қоса анықтау үшін геологиялық барлау жұмыстары басталатын болады, атап айтқанда:

-  Өңірлік геофизикалық зерттеулер (геотраверсьер);

-  Қатты пайдалы қазбаларды іздеу, іздеу-бағалау жұмыстары;

-  Көмірсутек шикізатын іздестіру жұмыстары    (тірек-параметрлік құбырлар бұрғылау);

-  Геотермальдік суларды іздестіру-барлау жұмыстары.  

Бөлінген 6 млрд. теңгенің 5 млрд теңге көлеміндегі қаржының           1 167 471,0 мың теңгесі өңірлік геофизикалық зерттеулерге бағытталатын болады;  қатты пайдалы қазбаларды іздестіру жұмыстарына – 922 707,0 мың  теңге; көмірсутек шикізатын іздестіру жұмыстарына    – 2 092 846,0 мың теңге; қатты пайдалы қазбаларды іздестіру-бағалау жұмыстарына– 146 976,0 мың теңге; геотермальдік суларды іздестіру-барлау жұмыстарына  – 670 000,0 мың  теңге. Алдағы жылдары бюджет шамамен 1,0 млрд. теңге үнемдейтін болады.

 

There is currently no content classified with this term.

© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті