Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Жаңалықтар

1804/17
В первом квартале 2017 года ЖД транспортом перевезено 87 млн тонн грузов

2017 жылдың бірінші тоқсанында теміржол көлігімен 87 млн. тонна жүк тасымалданды

Көлік кешеніндегі нақты көлем индексі 103,4% құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында жасаған баяндамасында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

«Жүк тасымалының көлемі 1,1% өсті және 813 млн. тоннаны құрады. Жүк айналымы 5,4% ұлғайды және 125 млрд. тонна км құрады. Өсімнің басым көпшілігі темір жол көлігімен тасымалданғаны байқалып отыр. Жүк тасымалы 15,7% өсті және 87 млн. тоннаны құрады. Ал, жүк айналымы 12,6% өсті және 60 млрд. тонна км құрады»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 107,1% құрды. Министрдің айтуынша, Тұрғын үй құрылысына барлық қаржыландыру көздерінен 173,4 млрд. теңге бөлінді, өсім 13,8%. Жалпы ауданы 3,1 млн.м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 125,3% құрап отыр.

Тұрғын үйдің басым көпшілігін - 2,9 млн. м2 немесе 93,2%-ын жұртшылық пен жеке құрылыс салушылар пайдалануға берді.

Мемлекеттік сектордың үлесіне пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданының 5% тиесілі.

Республика бойынша 25 230 баспана пайдалануға берілді. Оның 7 701-і жеке баспана.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ма?

© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті