Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Жаңалықтар

1804/17
За 3 месяца 2017 года объем промышленного производства в РК вырос на 5,8%

2017 жылы 3 айда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8% өсті

Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8%, оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі 5,6%, өңдеу өнеркәсібі 6,5% өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында айтты.

Кен өндіру саласында түсті металл кенін өндіру көлемі 10,8% артты. Темір кенін өндіру көлемі 11,4% өсті. Ал металлургияда өндіріс көлемі 7,1%, қара металлургияда 7,0% артты. Түсті металлургияда өндіріс өсімі 7,3% құрады.

«Фармацевтикалық өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 25,1% өсті. Сондай-ақ, құрылыс материалдары өндірісінде де өсім байқалып отыр. Аталған салада 7,8% құрады. Ал машина жасауда өсім 1,8% болды. Аталған салада өсім айтарлықтай көп емес»,-деді Жеңіс Қасымбек.

Министрдің айтуынша, «Отандық машина жасау өнімдері өндірісін қолдау мақсатында 2017 жылдың 2 тоқсанынан бастап еліміздегі экологиялық таза автокөлік құралдары мен оның компоненттерін өндіруді ынталандырудың қосымша түрін енгізу жоспарлануда. Ол үшін жеке және заңды тұлғалардың отандық көлік құралдарын сатып алуына жеңілдіктерді қаржыландыру қарастырылған.

Сондай-ақ, 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының аумағына жеткізілген комплектілерден  құрастырылған автокөлік құралдары өнімдерін сату кезінде отандық автоөндірушілер 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін ҚҚС төлеуден босатылады. Жыл қорытындысы бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құзырындағы өнеркәсіп салалары бойынша НКИ-дің барлық межелі деңгейіне жету жоспарлануда.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ма?

© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті