Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Жаңалықтар

1304/17
Женис Касымбек проверил готовность подрядных организаций, задействованных в строительстве проекта автодороги «Астана-Павлодар»

Жеңіс Қасымбек «Астана-Павлодар» автожолының құрылыс жобасына тартылған мердігер ұйымдардың дайындығын тексерді

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып, салынып жатқан Астана-Павлодар автожол учаскесіндегі жұмыстың ұйымдастырылу деңгейін қадағалады. Сондай-ақ, мердігер ұйым өкілдерімен жедел кеңес өткізді.

Кеңеске «Қазавтожол» ҰК» АҚ мен оның Ақмола мен Павлодар облыстарындағы филиалдарының, «Ақмолажоллаборатория» және «Павлодаржоллаборатория» республикалық мемлекеттік мекемелерінің басшылығы, сонымен бірге, Астана-Павлодар автожолы жобасының құрылысына тартылған барлық мердігер ұйымдардың басшылары қатысты.

Ж.Қасымбек өз сөзінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан бұл жобаның стратегиялық маңызын айрықша атап өтті. Сондай-ақ, министр құрылыс жұмыстарын жоспарланған мерзімде және жоғары сапада жүргізу керектігіне тоқталды.

Кездесу барысында мердігерлердің техникалық жабдықтары, жол құрылысы материалдарын дайындау сияқты тағы басқа да мәселелер талқыланды.

 

Анықтама:

ұзақтығы – 441 км;

жүзеге асыру кезеңі – 2013-2018 жылдар;

пайдалануға берілгені – 59 км.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ма?

© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті