Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы

 

«Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы заңының 50 бабы 2 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7257 тіркелген, 2011 жылғы 16 қарашадағы  № 543-547 (26939) «Егеменді Қазақстан», 2011 жылғы 16 қарашадағы № 365 (26756) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесінде:

22-тармақтың 7) тармақшасына мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілген, орыс тілінде мәтін өзгермейді:

7) «сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсету жөнінде қызмет көрсетушімен шарт жасаспай елді мекеннің (қызмет көрсетушінің) сумен жабдықтау желілерінен су пайдалану фактісі анықталғанда - кірмеге өз бетімен қосылып, нақты пайдаланған уақыттан бастап анықталған кезге дейін су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ үш айдан артық емес;»;

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі                                           Ж. Қасымбек

Жарияланған: 03.04.2017
Жаңартылған: 25.04.2017
© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті