Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

«Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 1456 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 116-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидаларында:

103 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«103. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидалардың 102-тармағында тізбеленген барлық құжаттар болған кезде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына өтінішті қабылдайды.»

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

Б.  Сағынтаев

Жарияланған: 28.04.2017
Жаңартылған: 28.04.2017
© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Азаматтық авиация комитеті